Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

Түркістан облысындағы жаңартылатын энергия көздері бойынша ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Бекжан Алимкулов бізге берген сұхбатында кеңінен айтып берді.

Бекжан Мухидинұлы, жаңартылатын энергия көздері дегенді қалай түсінуге болады?

Жаңартылатын немесе регенеративті, «жасыл» энергия — адам ауқымында жаңартылатын немесе таусылмайтын энергия ресурстарынан алынған энергия. Жаңартылатын энергияны пайдаланудың негізгі қағидаты оны қоршаған ортада тұрақты болып жатқан процестерден немесе жаңартылатын органикалық ресурстардан алу және техникалық қолдану үшін беру болып табылады. Жаңартылатын энергия табиғи ресурстардан алынады, мысалы: күн сәулесі, су ағындары, жел, толқындар және геотермалдық жылу, олар жаңартылатын (табиғи түрде толтырылады), сонымен қатар биоотын: ағаш, өсімдік майы, этанол.

Жаңартылатын энергия көздерін Облысымызда дамыту неліктен үлген назарға алынып отыр?

Халық саны 2 млн адамға жуық Түркістан облысы электр энергиясының айтарлықтай тапшылығын бастан кешуде. Ішкі көздер – Шардара ГЭС, Кентау ЖЭО және тоғыз ЖЭК объектілері-өңірдің электр энергиясына деген жалпы қажеттілігінің 20% — ын ғана қамтамасыз етеді. Орташа жылдық қажеттілігі 320 МВт құрайтын электр қуатының тапшылығы еліміздің солтүстік өңірлерінен – Екібастұз МАЭС, «ҚарағандыЭнергоОрталық» АҚ және Ақсу МАЭС, сондай-ақ Шымкент пен Тараздан жеткізілімдермен өтеледі. Электр энергиясының жетіспеушілігі мәселесін ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру ішінара шешуге мүмкіндік береді.

Яғни, жаңартылатын энергия көздерін назарға алыну себебі, энергия жетіспеушіліктің мәселесін шешіп береді?

Ия. Мұндай жобалардың тартымдылығы ресурстардың таусылмауымен, әлемдік энергия нарықтарындағы бағаның көтерілуіне тәуелсіз және, әрине, экологиялық таза болуымен байланысты. Бұл жобаның үлкен назарға алынуының қосымша себебі.

Бекжан Мухидинұлы, ЖЭК саласындағы қандай жобалар Түркістан облысы үшін перспективалы болып табылады және олардың бүгінгі күні қанша іске асырылды?

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес, 2050 жылға қарай елде алынатын электр энергиясының 50% — ы жаңартылатын энергия көздерімен өндірілетін болады. Ал бүгінгі таңда, елдің энергия теңгеріміндегі ЖЭК электр энергиясын өндіру үлесі 3% – ды, ал 2030 жылы-10% — ды құрайтын болады. Түркістан облысында қолайлы климаттық жағдайларға байланысты күн және су электр станцияларын салуға байланысты жобаларды, сондай-ақ жел энергиясын пайдалануды көздейтін жобаларды іске асыру перспективалы болып саналады. Бүгінгі таңда өңірде жалпы қуаты 29 МВт жаңартылатын энергия көздері саласында жеті жоба іске асырылды. Сарыағаш ауданында қуаты 2 Мвт «Рысшан» шағын су электр станциясы 2014 жылы іске қосылды. Сайрам ауданы Манкент ауылындағы қуаты 2,5 МВт шағын ГЭС-2017 жылы. Бұл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолдау алған «Ақсу Энерго»ЖШС жобасы. Сол жылы Қазығұрт ауданында қуаты 1 МВт су электр станциясы құрылысының жобасы іске асырылды. Бұрын ауыл тұрғындары электр желісіндегі әлсіз кернеуге шағымданған. ГЭС іске қосылғаннан кейін мәселе шешілді. 2019 жылы Төлеби ауданында қуаты 2,5 МВт Жаңа «Кеңес» су электр станциясы іске қосылды. Мұндай жобалардың артықшылығы айқын, су электр станциялары таза электр энергиясын шығарып қана қоймай, энергия ресурстарын үнемдеуді де қамтамасыз етеді. Шағын ГЭС-тен басқа облыста күн электр станциялары белсенді салынуда. Сайрам ауданында» Ақсу Энерго » ЖШС қуаттылығы 1 МВт күн электр станциясын салды. 2019 жылы Сарыағаш ауданында қуаты 20 МВт «жылға» күн электр станциясы жобасы іске асырылды. Күн электр станциясы шығаратын барлық электр энергиясы теміржол көлігі саласында қолданылады. Және Арыс қаласы маңында қуаты 14 МВт күн электр станциясы жобасы 2019 жылдың аяғына таман іске асырылды.

ЖЭК саласындағы қандай жобалар 2020 жылы іске асырылды және асырылады?

2020 жылы облысымызда 2 күн электр станциялары іске асырылды. Атап айтқанда Жетісай ауданында қуаты 4,8 МВт, Созақ ауданында қуаты 50 МВт болатын жобалар. Алда Мақтарал ауданында қуаты 4,95 МВт болатын күн электр станциясы, Сарыағаш ауданында қуаты 4,5 МВт болатын шағын су электр станция жобасы іске асырылады.

Облысымызда су және күн электр станцияларының қарқыны жақсы екенін айтып бердіңіз, бірақ жел электр станциялары туралы айтпадыңыз. Мемлекет тарапынан немесе кәсіпкерлер тарапынан жел электр станцияларына қызығушылық жоқ па?

Мемлекет тарапынан қызығушылықтар бар. 2023 жылы жалпы қуаты 50 МВт болатын 2 жоба іске асырылады.

Бекжан Мухидинұлы сұхбатыңызға рахмет.

© Didarbek.kz

Пікір жазу