Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТА ТЕРІМІ БАСТАЛДЫ

МАҚТА ТЕРІМІ БАСТАЛДЫ

Еліміздегі ақ мақтаны өсіретін жалғыз өңір болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында мақта терімі басталды. Қазіргі таңда ақ алтынды жинауды Мақтарал ауданындағы Атамакен, Ш.Ділдәбеков, Мақталы, Қызылқұм, Жамбыл және Қарақой ауылдарындағы ұсақ шаруа қожалықтары бастап кетті.

Биыл облыста 134,6 мың гектар жерге мақта шиті себілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға артық. 2016 жылы шаруалар әр гектарына орташа есеппен 26,2 центнерден өнім алып, барлығы 286,4 мың тонна ақ ұлпа жинаған. Егіс көлемінің артуына байланысты өңірде 300 мың тоннадан астам мақта жиналады деп жоспарлануда.

Еіліміздегі ақ алтынның отаны саналатын Мақтарал ауданында өткен жылы 83 мың гектарға мақта шиті себілсе, биыл мақта алқабы 95 мың гектарға жеткен. Аудан шаруалары өткен жылы 218 мың тонна өнім жинаса, биыл да мол өнім алуды көздеп отыр.

Облыс бойынша мақта дақылы 9 ауданда егіледі. Алғаш болып жиын-терім жұмыстары Мақтарал, Шарадара, Сарығаш аудандарында басаталады. Ең соңғы болып ақ алтынды Түркістандық шаруалар жинайды.

Мақта – экспорттық әлеуеті жоғары дақылдардың бірі. Еліміз ақ алтынды негізінен Ресей, Қытай және Европа елдеріне экспорттайды. Мәселен өткен жылы аталған мемлекеттерге елімізден 58 мың тонна мақта талшығы экспортталған.

Өз тілшімізден

Пікір жазу