Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ
SONY DSC

ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында облыстық күрд этномәдени бірлестігі жанындағы жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жырым сенсің, туған жер» атты ән фестивалі өтті. Игі шараны ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов ашып, елдегі берекелі бірлікті сақтап, нығайтудың маңызына тоқталды. Жас ұрпақтың санасына патриоттық сезімді, бірлікті, тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін өнер тілімен жеткізу мақсатында ұйымдастырылған шарада жас әншілер қазақ тілінде және өз ана тілдерінде ән шырқады. Концертке облысымызда туып өскен, бүгінде Ресейде тұрып жатқан белгілі әнші Барфин Мамедова қонақ ретінде қатысып, қазақ халқының бауырмалдылығын, қонақжайлылығын, мейірімділігін ешқашан ұмытпайтынын жеткізді. Қазақ тілінде ән орындап, туған жерге деген сағынышын әнмен жеткізді. Іс-шара соңында ел, жер, туған өлке тақырыптарындағы әндерді үздік орындаған әншілер алғыс хаттармен марапатталды. Облыстық күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы Әзімбай Надировтың айтуынша өңірімізде 10 мыңдай күрд этносы мекен етсе, олардың 2700-і жастар. Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру бағытында түрлі іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу