Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Шымкент қаласының спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бүгін бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қалалық спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов пен Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қалада спорттың осы түрін дамыту бойынша бірлесе әрекет ету туралы келісімге келді.

Меморандум аясында тараптар жастар, студенттер, мектеп оқушылары, көркемөнерпаздар, ардагерлер және әйелдер командаларының қатысуымен турнирлер ұйымдастыруға және осы іс-шараларға ақпараттық көмек көрсетуге уағдаласты.

Сондай-ақ, жаттықтырушылардың, ғылыми — педагогикалық құрам өкілдерінің тәжірибе алмасуына барынша жағдай жасап, бірлескен түрлі шаралар, атап айтқанда семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға келісті.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу