Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУДА

ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУДА

Шымкентте 200 кш өрік, 300 кг емен жаңғағының түұымы жиналды, деп жазады қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kzақпараттық агенттігі.

Қазір күзгі жиын — терім жұмыстары қызған шақ. Ауылшаруашылық саласы қызметкерлерімен қатар орманшылар да күзгі тұқым жинау жұмыстарын атқаруда.

Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» КММ-нің орман тұқымбағында ағаш тұқымын жинау жұмыстары жалғасуда. Жұмысшылар бұл жолы емен және гледичия ағашының тұқымдарын жинады. Тұқымбақтағы орман шаруашылығында 11 адам жұмыс істеуде.

Жалпы бүгінге дейін 200 кг өрік (абрикос), 150 кг бадам, 300 кг емен жаңғағы, 20 кг шабдалы, 5 кг алмұрт ағашының тұқымы жиналды. Сондай-ақ, 8,2 га орман тұқымбағына гибискус бұта тәріздес ағашының қаламшалары егуге дайындалды.

Орманшылардың айтуынша, қазір ауа-райы қолайлы. Жоспарды өз уақытында орындауға толық мүмкіндік бар. Қыркүйектің ортасынан қазанның ортасына дейін тұқым жиналса, қазанның 20-нан кейін егу жұмыстары басталады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу