Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОРДАБАСЫДАҒЫ ОҢ ІСТЕР

ОРДАБАСЫДАҒЫ ОҢ ІСТЕР

Ордабасы ауданы экономикасының басты драйвері – ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 24 млрд. 277 млн. теңгені құрап, былтырғы жылды тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 млрд. 325 мың теңгеге артты. Жалпы өңірлік өнімнің 53,2 пайызын құрайды. Облыстағы үлесі 7,2%.
Егістік жердің игерілуі 65 774 га жер игерілді (жоспар 65 400,) өткен жылмен салыстырғанда 400 гектарға артық.
Жаңадан 710 гектар жер айналымға қосылды. Бұл жерлер негізінен жерді бір санаттан екінші санатқа, яғни жайылым жерлерді суармалы жерге өзгерту және тәлімі жерлерге бау, жылыжай шаруашылықтарын жүргізу есебінен орындалды.
Соңғы жылдары аудан аумағында жылыжай салуға ниет білдірушілердің, жылыжай салып жатқан тұрғындардың, кәсіпкерлердің саны артып келеді. Бүгінгі күнге аудан бойынша жалпы жылыжайлардың көлемі 83 гектарға жетті. Осы жылыжайлардың 21 гектары өндірістік жылыжайлар, ал 62 гектары фермерлік жылыжайлар. Оның ішінде 2020 жылдың 8 айында 11 га жылыжай салынып, тапсырма (15 га) 73 пайызға орындалды. Олардан 4 708 тн өнім, оның ішінде 3 621,5 тн. қияр, 1 086,5 тн. қызанақ, көкөністер алынды.
Бадам ауыл округінде орналасқан «Аделья» ШҚ Ресей мемлекетіне 104,5 тн қияр, 144 тн қызанақ өнімдерін экспортқа шығарды.
Сондай-ақ, аудан халқын жылыжай өндірумен айналысуды тұрақты қамтамасыз ету, халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында ағымдағы жылы Шұбар су ауыл округінен «Шұбар су жылыжай аймағын құру жобасы» қолға алынып, 15 га жер телімі бөлінді.

Ағымдағы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы саласында 4 млрд 644 млн теңге инвестиция тартылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артты.
Тамшылатып суару әдісі 611 гектар жерге енгізіліп, тапсырма 101,8 пайызға орындалды (600 га).
Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 6 110 тонна жеңілдетілген бағада жанармай бөлініп, 2 оператор жанармай тарату жұмыстарын жүргізумен айналысуда.
Сонымен қатар, топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін 4 200 тонна минералды тыңайтқыштар берілді.
Жаңа инновацияны қолдану арқылы Қажымұқан ауыл округінен 60 гектар тәлім жерге «BS-Agro Product» ЖШС-гі суғарусыз әдіс арқылы «Сitrullus Lanatus (Мalali)» қарбыз көшетін отырғызып, бүгінгі таңға 6,6 тонна қарбыз дәнін алып, килограммын 820 теңгеден Израйль мемлекетіне экспорттауды жоспарлап отыр.

Аудан бойынша жалпы сыйымдылығы 38 мың 050 тонна құрайтын 16 бірлік қоймалар бар. Оның ішінде 7 қойма сиымдылығы 8 950 тонналық көкөніс сақтайтын, 9 қойма сиымдылығы 29 мың 100 тонналық астық сақтауға арналған.
Бұл қоймалар қажеттілікті толық қамтамасыз етпейді. Сондықтан ағымдағы жылы Бадам ауыл округінен «Александровский сад» ЖШС-нің жеміс-жидек өнімдерін бастапқы өңдеумен айналысатын сиымдылығы — 1670 тонна. инвестициялық құны 815 млн. теңгені құрайтын заманауи қоймасы іске қосылатын болады.
Аудан халқын жеміс-жидекпен толық қамту мақсатымен – жалпы 319 гектар жерге көпжылдық қарқынды екпелер орналастырылған. Оның ішінде 2020 жылға 109 гектарға орналасты (жылдық жоспар – 100 га, орындалғаны – 109% құрады).
Егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 1 жерден екі өнім алу жобалары аудан бойынша жалпы 90 шаруашылық — 171,9 гектар егістік алқапқа егуді жоспарлаған. 1 өнімді отырғызған 83 шаруашылық – 169 гектардан 4031,2 тн дақылдарының өнімдерін алды. 2-дақылдарын орналастырған 64 шаруашылықтың жер көлемі 89,8 га құрап, алынған өнім көлемі 1 223 тн жетті.

© Өз тілшімізден

Пікір жазу