Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АЯҒЫНАН ТІК ТҰРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН АУДАН

АЯҒЫНАН ТІК ТҰРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН АУДАН

Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы 2020 жылға бектіліп берілген мал шаруашылығы саласын дамыту бойынша жоспарлар орындалуда.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 327 ірі қара мал алынды.
«Алтын асық»бағдарламасы бойынша 4089 мал алынып, жоспар (2144 бас) 190,7 пайызға орындалды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша алынған жылқы саны 97 бас.
Аудандағы жалпы мал бордақылау алаңдарының саны — 355 бірлік, оның 2020 жылы 76 бірлік мал бордақылау алаңдары ашылды.
Ауданда жалпы 84 бірлік сүт фермалары бар оның ішінде 2020 жылы ашылған сүт фермасы 20 бірлік.
2020 жылы шағын отбасылық құс фермасын ашу жоспары 3 бірлік болса, нақты 4-еуі ашылып 133 пайызға орындалды.

Мал басы: IҚМ басы – 73,3 мың бас, қой мен ешкі – 420,4 мың бас, жылқы 25,4 мың бас, түйе 740 бас, құс 423,9 мың басты құрайды.
Мал өнімдері: Есепті кезеңде ет 13 311,8 тн. (2019 жылы 15 190,6 тн) 87,6%-ға, облыстағы үлесі 9,6%, сүт 33 004,9 тн, (2019 жылы 33 871,8 тн) 97,4%-ға облыстағы үлесі 6,1%, жұмыртқа 7 263,8 мың дана (2019 жылы 7 177,7 мың дана) 100,2% құрады. облыстағы үлесі 4,8%
Мал тұқымын асылдандыру бойынша ауданда – 6 асыл тұқымды шаруашылық бар. Олар:
қой шаруашылығы бойынша – 5 бірлік («Сералы» ШҚ, «Ортай»ШҚ, «Сабыр» ШҚ, «Мұқағали Ш.Ш» Ө/К, «Ербол Т.Т» ЖШС);
ірі қара мал шаруашылығы – 1 бірлік («Бөрте Милка» ЖШС);
ешкі шаруашылығы – 1 («Асыл тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүт өнімдері» АӨК).

© Өз тілшімізден

Пікір жазу