Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОРДАБАСЫ – БЕРЕКЕЛІ МЕКЕН!

ОРДАБАСЫ – БЕРЕКЕЛІ МЕКЕН!

Аудан көлемінде 2 бірлік құс етін өңдеу кәсіпорыны, 1 бірлік шұжық цехы және 2 бірлік сүт өңдеу кәсіпорны (1 бірлік ірі қара мал сүтін өңдеу, 1 бірлік ешкі сүт өнімдерін өңдеу) жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, 2020 жылдың 8 айында өндірілген 5456 тонна күрке тауық етінің 4364,8 тоннасы, яғни 80 пайызы, 1004,5 тонна тауық етінің 703,1 тоннасы, яғни 70 пайызы, 180 тонна өндірілген ешкі сүтінің 96 тоннасы, яғни 54 пайызы, 2311 тонна өндірілген сиыр сүтінің 1800 тоннасы, яғни 77,3 пайызы өңделген.

Аудан бойынша жалпы 85 канал бар. Аталған каналдарға бірнеше жылдан бері толық механикалық тазалау жұмыстары жүргізілмеуі салдарынан каналдардың егістік жерлерді ағын сумен толық қамтамасыз ету көрсеткіші төмендеген. Осы мақсатта ағымдағы жылы тазалауды 1 ретте қажет ететін каналдарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аудандағы 43 каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Олардың жалпы ұзындығы 380,9 км болса, механикалық тазалауды қажет ететіні 214,6 км тазалау нәтижесінде 15 249 га сумен қамтамасыз етілуі жақсарса, шілде айында су жетпей қалу қаупі бар 2 228 га жердің мәселесі толық шешілді.
Сонымен қатар, бірнеше жылдан бері жаз айларында егістік жерлерге су жеткізу Қараспан ауыл округінде өзекті мәселесі болып отырған. Осы аталған проблемманы түбегейлі шешу үшін Бадам өзеніне бөгет қойып, ұзындығы 4,2 шақырым жаңа канал қазып, Қараспан магистралды каналына су жіберу арқылы 2 664 га жерге су жеткізу мәселесі шешіледі.
Нәтижесінде, Бейсен, Жаңатұрмыс, Ақжол, Мақташы, Сарыарық, Жұлдыз Ынтымақ, Мәдениет, Семхоз елді мекендеріне егістік жерді сумен қамтамасыз етуі жақсарып, ауыл шаруашылығы өнімі артатын болады.

© Өз тілшімізден

Пікір жазу