Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының кезекті І конференциясы өтті.

Конференцияға «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова, қоғамдық бірлестік төрайымының орынбасары Малина Башарова, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар білестігінің төрағасы Берік Бекжанов, қоғамдық бірлестіктің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдарынан құралған 21 делегат қатысты.

Конференция барысында делегаттар «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалын құру бойынша бірауыздан дауыс берді. Филиал төрағасы болып Руслан Шерімов сайланды. Сондай-ақ, күн тәртібінде филиал Кеңесінің және бақылау есеп-комиссиясының құрамы сайланды.

Жиын соңында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры ұжымына «Үздік кәсіподақ ұйымы», сондай-ақ, театр әртісі Нұржамал Қаламбаеваға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.

Сонымен қатар, «Отырар» кітапханасың директоры Анар Жаппарқұловаға, облыстық жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі Ұлтуар Бексеитоваға, Сайрам аудандық мәдениет үйінің директоры Дәулетхан Алашбаевқа және Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры директорының орынбасары Рашида Оразбаеваға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлованың «Құрмет грамотасы» табысталды.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу