Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚҰС ТҰМАУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

ҚҰС ТҰМАУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

Құс тұмауынан сақтанған жөн. Ресей Федерациясында және еліміздің Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен т.б. аумақтарында үй құстары арасында құс тұмауы ауруы тіркелуде. Құс тұмауы вирусының таралуы жабайы құстардың көктемгі және күзгі ұшу кезеңдерінде көптеп кездеседі. Жеке аулаңыздағы үй құстарыңыздың жабайы құстармен байланыс жасамауын қамтамасыз етуді сұраймыз. Құс етін және басқа да құс өнімдерін сатып алу барысында өнімнің қауіпсіздігін анықтайтын құжаттары барына көз жеткізіңіз.

Жеке ауладағы үй құстарына құс тұмауына қарсы екпе жұмыстары мемлекет қаржысы есебінен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК-ы тегін жүргізеді. 

Ескертпе: Аулаңыздағы үй құстарыңыздың санын нақтылап есепке алу үшін және жаппай қырылуы байқалған жағдайда шұғыл түрде төмендегі нөмірге хабарласуды сұраймыз.

Байланыс телефондары:

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы 24-75-37, 24-75-18.
«Ветеринариялық қызмет» МКК-ы 45-05-22, 45-05-05, 45-05-18.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу