Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Республика көлемінде жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында, 22-24 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп жазады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шараның басты мақсаты жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау болып табылады.

Полицейлер профилактика барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерін бұзуды тыю мен әшкерелеуге айрықша назар аударуда.

Рейд барысында көлікті мас күйде басқару, қауіпсіздік белбеуін тақпау, сондай-ақ, жол жүру кезінде ұялы телефонмен сөйлесу сияқты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайлары анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу