Басты бет » Болашақ » Латын әліпбиіне көшу

Латын әліпбиіне көшу

Латын әліпбиі – ғылым мен техниканың, Интернет пен IT – XXI ғасырдағы технологиялардың тілі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» деген тақырыпта өтіп жатқан парламенттік тыңдау кезінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Мәжіліс төрағасы латын әліпбиіне көшу қазіргі заманның талабы екенін атап өтті.

«Еліміздің әрбір азаматы латын әліпбиіне көшу әлемдік өркениет жетістігінің басты жолы екенін білуі тиіс. Өйткені латын жазуы – адамзат дамуындағы күшті тілдердің бірі. Бұл ғылым мен техниканың, Интернет пен IT – XXI ғасырдағы технологиялардың тілі, сондықтан біз бұл жауапты кезеңге үлкен дайындықпен келдік, ауқымды жұмыс атқарылды», – деп атап өтті ол.

Нұрлан Нығматулин қазақ тілінің жаңа әліпбиі бірнеше жылдың ішінде әзірленгенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жаңа әліпби барлық талаптарға жауап береді.

«Біз жаңа технологияны, ғылым мен білімді еркін игереміз. Бүгін біз әліпбиді талқылап, әрбір әріпке, әрбір белгіге талдау жасауымыз қажет, өйткені тіл мәселесінде, жаңа әліпбидің мәселесінде ешқандай қателік болмауы тиіс», – деді төраға.

Өз тілшімізден

1 пікір

  1. Каюпов Табырды

    Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!
    https://massaget.kz/blogs/23008/
    Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті
    https://massaget.kz/blogs/baykau/22970/
    https://vk.com/doc239758952_450677576
    Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт
    https://massaget.kz/blogs/23000/
    Кейбір пікірталастардан үзінді
    https://massaget.kz/blogs/22995/
    Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?
    https://massaget.kz/blogs/22992/
    Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады
    25 әріп пен 8 диграфтан құралған латын графикасының түзетілмейтін қателері
    https://massaget.kz/blogs/22985/
    Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы
    https://massaget.kz/blogs/22959/
    Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности
    https://massaget.kz/blogs/baykau/22960/
    Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
    Ертегілер Мақта қыз бен мысық, Бір үзім нан, Алтын сақа, Тазша бала

    Tabyldy