Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗІЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттарға конкурс өткізу басталды.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беріледі.

Мекенжайы: Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды — инновациялық даму басқармасы. Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 (фронт-офис, Шымкент қаласы әкімдігінің 1 қабаты).

Құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.
— пошталық мекенжайы: 160000.
— байланыс телефоны:8 (7252) 24-75-12, 24-74-23,24-75-25.

Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 28 қыркүйек – 12 қазан 2020 жыл, жұмыс күндері сағат 10.00-17.00

! 12 қазан сағат 13.00-ге дейін.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде танысуға болады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу