Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «ДҮЙСЕНБІЛІК ФУТБОЛ» ӨТТІ

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «ДҮЙСЕНБІЛІК ФУТБОЛ» ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен және «Nur Otan»партиясы жанындығы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «SPORTVILLA BESIKTAS» ойын — сауық кешенінде «KENES ORTALYGY» жобасы аясында Шымкент қаласының NEET санатына жататын жастар арасында «Дүйсенбілік футбол» кіші турнирі өтті.

Шымкент жастары арасындағы салауатты өмір салтына бағытталған «Дүйсенбілік футбол» турниріне 12 команда қатысты.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 600 000 тг құрайды.

1-ші орынға 300 000 тг, 2-ші орынға 200 000 тг, 3-ші орынға 100 000 тг көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» номинациялары да қарастырылған.

Олимпиадалық жүйемен өтетін турнирге «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры демеушілік көрсетті.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық — эпидемиологиялық нормалар толықтай сақталады.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру әрі насихаттау мақсатында осы іспеттес ісшаралар жиі өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу