Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » МОБИЛЬДІ ТОП БАЗАРЛАРДЫ ТЕКСЕРДІ

МОБИЛЬДІ ТОП БАЗАРЛАРДЫ ТЕКСЕРДІ

Мобильді топ Абай ауданының аумағында орналасқан бірқатар сауда орындарын аралап, карантиндік шараларды тексеріп шықты, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Ауданда жалпы ірілі ұсақты 13 базар бар. Жергілікті билік алғашқы күннен бастап сауда қатарларындағы санитарлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауға алған. Базарлар аптасына бес күн киім-кешек қатарлары таң ертеңгі 10,00-ден бастап түскі 13,00 ге дейін. Ал, азық-түлік базарлары кешкі 18-00 ге дейін жұмыс істейді. Сенбі жексенбі демалыс.

Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов бастаған мобильді топ  үш бірдей ірі базарға бас сұқты. Базар басшылығы мен қарапайым сатушылармен жүздесіп мән-жайды түсіндірді. Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты базар уақыты мен жұмыс істеу күні шектелген. Бұл уақытша құбылыс. Індеттің беті қайтқан соң барлығы қалыпты жағдайға түседі. Сол уақытша қиындық кезінде сабырлық танытып, сақтық шараларын ұстанып, маска тағып жүріңіз деп ескертті мобиьлді топ өкілдері.

Базар басшыларына аумақтағы тазалық пен демалыс күндері базар аумағын залалсыздандыру жұмыстарын үздіксіз атқару тапсырылды.  Базарлардың кіре  беріс қақпаларына  арнайы  залалсыздандыру дәліздері орнатылған. Санитарлық талап жалпыға ортақ енені айтылды.  Кем-кетістіктер реттеліп, көпшіліктің  емін-еркін сауда жасауына жағдай жасап, бағаның тұрақты болуын бақылауда ұстау тапсырылды

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу