Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай, ұлы тұлғаның есімін иеленген оқу орыны жазушыны еске алып, еселі еңбектерін еске алды.

Университет ғимаратынан 2 жыл бұрын «Мұхтартану» ҒЗО-ның ашылған. 2018 жылдың 29-қарашасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 75 жылдық мерейтойында Дария Пернешқызы Қожамжарованың бастамасымен шымылдығын түрген еді. Орталық басшысы ф.ғ.д., профессор Мекемтас Мырзахметұлы. Орталықтың аға ғылыми қызметкері ф.ғ.к., доцент Ақжол Қалшабек сынды қазақтың біртуар ғалымдары ғылыми орталықтың ғылыми прогрессін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Орталықта белсенді магистранты Салтанат Шәріп ф.ғ.к., доцент Н.Омаровтың жетекшілігімен Әуезовтану бағытында ешкім қозғамаған Мұхтар Омарханұлының «Жапония» тақырыбы бойынша диссертация жазып шықты.

Орталықта осы уақытқа дейін, Мұрат Әуезов, Дияр Қонаев, Дархан Мыңбай, Асхат Аймағамбетов сынды тұлғылар қонақ болса, шет елдік қонақтардан Египет, Ресей, Америка, Өзбекстан Республикаларынан арнайы делегаттар ат басын тіреген.

Орталықтың негізгі бағыты жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеу. Бүгінде орталықта халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізуліп, көптеген биік белестерді бағындыруда. Осындай ғылымды дамытып, кейінгі буынға дәріптеп отырған ғалымдардың еңбегіне жеміс тілейміз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу