Басты бет » Болашақ » Түркі халық­тарына бір қадам жақын­даймыз

Түркі халық­тарына бір қадам жақын­даймыз

Біз латынға көшу арқы­лы түркі тілдес халық­тарға бір қадам жақын­даймыз. Мұндай пікірді «Егемен Қазақстан» газетіне Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Серік Қирабаев білдірді.

«Латын әліпбиіне өтуіміз керек – ол анық дүние. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Біз ол арқы­лы түркі тілдес халық­тарға бір қадам жақын­даймыз. Түркі ха­лық­тарының мәде­ниеті, сөздік құ­рамы латын әліпбиінде жазылғандықтан, оларды зерт­теу­ де оңайға түседі. Түп негі­зін­де латын әліпбиіне көшу – түр­­кі тілдес бауыр­лармен толық ынты­мақтастық орнатумен тең. Негізі бұрын біз де латын әліпбиінде жазып, оқығанбыз. Сол кезде жазылған қаншама жәдігерлер зерттелмей немесе аудар­ма­ның арқасында өз құндылығын жоғалтып алды емес пе?! Мәңгі ел боламыз десек, онда біз мәңгі қалатын тілі­мізді, әліп­биімізді жасауымыз керек. Бұл жұмысты өте мұқият және қоғаммен санаса отырып жүргізсек, жақын арада нәтижесіне жетеміз деп ойлаймын», – деп атап өтті Серік Қирабаев.

Өз тілшімізден

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*