Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Шымкент қаласындағы туристік нысандарға қызығушылық күн санап артып келеді. Бұл жолы шаһарға Өскемен, Қарағанды, Алматы, Астанадан БАҚ пен туристік агенттік өкілдері келді. Саяхатты Fly Arystan әуе компаниясының қолдауымен Шымкент қаласының туризм басқармасы ұйымдастырды.

Ақпараттық турда қонақтар қаланың мәдени орындарында болды. Атап айтқанда, Сайрам елдімекеніндегі Ибрагим ата, Қарашаш ана, Хызыр, Мәртебе кесенелері мен Ескі қалашық және этноауылды тамашалады. Екі күнге ұйымдастырылған тур қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен өткен конференциямен жалғасты.

– Шымкент – Жібек жолы бойындағы көне қала. Шаһар оңтүстік өңір үшін ірі туристік орталықтың бірі бола алады. Түркістан, Тараз, Ташкент сияқты тарихи қалалардың жанындағы қала туризмнің дамуына үлес қосып келеді,-деді Мақсұт Исахов.

Сондай-ақ шарада Fly Arystan компаниясы мен туризм басқармасы ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Мұнан бөлек, конференцияда блогерлер мен журналистер ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу