Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП ОРТАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП ОРТАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі мәселесіне қоғамның тұрақты назарын аудару, құқық бұзушылықтың профилактикасымен айналысатын мемлекеттік органдардың, қоғамдық үкіметтік емес, БАҚ тың күш жігерін бекіттіру мақсатында 2020 жылғы 10 тамыздан 20 қыркүйекке дейін «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы жүргізілген болатын.

Үшінші Мегаполистегі барлық 147 білім мекмелерінде осы акция негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Пандемия кезіндегі мектепте санитарлық-эпидемологиялық талаптарды сақтай отырып сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен оқушылар мен және олардың ата-аналарымен ресми сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы,»ZOOM » бейнебайланыс жүйесін пайдалана отырып, өзін-өзі оқшалау режимін сақтау бойынша түсіндірме әңгімелері жүргізілді.

Балалардың қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда мемлекеттік органдарға жүгіну бойынша ата-аналарға арналған ақпараттық жадынамалар таратылып, ата аналардың міндеттері туралы түсініктеме жүргізілді.

Елбасы өз жолдауында: «Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырамын», — деген болатын.
Бүгінде аталған жұмыстарға байланысты, қажетті іс-шаралар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылды.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу