Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 700 ТОННАДАН АСТАМ СҮТ ӨНІМДЕРІ

700 ТОННАДАН АСТАМ СҮТ ӨНІМДЕРІ

Тамақ өнеркәсібі ауданның тұрақты экономикалық дамуында аса маңызды орын алады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өңдеу өнеркәсібінің ең қарқынды дамып отырған секторы болып табылады.

Осыны ескерген Сайрам ауданының әкімдігі тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарды. Нәтижесінде 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында 9559,4 млн. теңгеге тамақ өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 18,2 пайызды құраған. Салада табиғи түрде 725 тонна сүт өнімдері, 51596 тонна ұн, 60 тонна шұжық өнімдері мен 720,4 мың литр өзге де алкогольсіз сусындар өндірілген.

Осындай тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорынның бірі сүт өнімдерінің бірнеше түрін өндіретін 2007 жылы іске қосылған «Компания Натур Продукт» ЖШС-гі. Кәсіпорын бүгінгі таңда қарқынды даму үстінде. Өндірісте «Хан» сауда маркасымен сүт өнімдері: айран, ірімшік, йогурт, құрт, сары май шығарылады. Серіктестік Ақбұлақ ауылында орналасқан. Тәулігіне 20 тонна сүт өңдеуге қауқарлы өндіріс орында 32 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. 2016 жылдың қорытындысымен өндірісте 108,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 19,2 млн. теңге салық төлеген. Ал ағымдағы жылдың жеті айында 71 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

Кәсіпорынға «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын сары май мен ірімшікке субсидия бөлінеді. Бүгінгі таңда кәсіпорынды кеңейту мақсатында өндіріс қуаттылығын арттыру үшін тәулігіне 70 тонна сүт өңдейтін құрал-жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары басталған. Қосымша бес жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр.

Кәсіпорын басшысы алдағы уақытта өндірісті кеңейту мақсатында Ақсу ауылында тәулігіне 150 тонна сүт өңдейтін жаңа зауыт құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.

Өз тілшімізден

Пікір жазу