Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ӘЛДЕҚАЙДА МАҢЫЗДЫРАҚ!

ӘЛДЕҚАЙДА МАҢЫЗДЫРАҚ!

Қазақ елі Тәуелсіздік алғанына жиырма алтыншы жылға аяқ басты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған латын қарпіне көшуді толық қолдайтынымызды және осы бағыттағы жұмыстарға жан-жақты қолдау көрсететінімізді жеткізгім келіп отыр.

Бүгінгі жастар еліміздің өркендегенін, жылдан жылға дамып келе жатқандығын көріп отыр. Олар азат рухта тәрбиеленіп, өздерінің бай тарихына мақтана алатындай сезімде бой түзеуде. Сондықтан, біздің ойымызша, отаршылдық санада емес, Тәуелсіздік рухтағы қазіргі қазақ жастары ұлтын сүйетін патриоттық сезімде қалыптасып келеді.

Біз жастар латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз деп сеніммен айта аламыз.

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – БІЗ ЖАСТАР ҮШІН, БОЛАШАҚ ЕЛІМІЗ ҮШІН ӘЛДЕҚАЙДА МАҢЫЗДЫРАҚ!

Береке Дүйсебеков,
Оңтүстік Қазақстан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры

Пікір жазу