Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТУҒАН КҮНІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, СЕРІК ЕЛЕМЕСҰЛЫ!

ТУҒАН КҮНІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, СЕРІК ЕЛЕМЕСҰЛЫ!

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановты 55 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Серік Елемесұлы тәжірибесі мен адамгершілігі мол, іскер, көпшіліктің сый құрметіне бөленген, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, абыройы биік білікті маман, ел дамуына мол үлес қосып келе жатқан абзал азамат және атқарған жұмыстарының бәрінде нәтижелі көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметтерінде облыс оқушыларының республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарда жоғары деңгейден көрінуіне бастамашы бола білген.

Тәуелсіздік алғаннан бері облыс тарихында тұңғыш рет 2012 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада облыс оқушыларының командасын жүлделі І, ІІ, ІІІ-орындарға шығарса, аудармашы топқа тікелей жетекшілік жасау арқылы облыс тарихында тұңғыш рет 2014 жылы 21 қазақ тіліндегі оқулықты тәжік тіліне аударып, 17 оқулықты баспадан шығартқан.
«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ»», «Ы.АЛТЫНСАРИН», сондай-ақ кәсіподақ саласына сіңірген еңбегі үшін «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін», Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен», Қазығұрт аудан әкімінің «Үздік ауыл әкімі» номинациясымен және «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Алғыс хатымен», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен», Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Алғыс хатымен», Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Алғыс хатымен», Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Алғыс хатымен», «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының «Алғыс хатымен», Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Алғыс хатымен», Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Абыройыңыз асқақ болып, беделіңіз биіктей берсін! Барлық игі істер тоқтаусыз орындала берсін! Сәттілік тілейміз! Туған күніңіз құтты болып, өміріңіздің әр сәті Мәңгілік Еліміздің мүддесіне арнала берсін!
© «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу