Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН МЕН ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ 26 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН МЕН ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ 26 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 12 қазан сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 26 қазан сағат 00.00-ге дейін карантиндік шектеу шаралары ұзартылады. Бұл туралы Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, демалыс және мереке күндері жабық азық-түлік пен азық-түлік емес базарлардың (қабырғалары, терезелері/витраждары бар үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар) қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ демалыс және мереке күндері сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрлік кеңістік тәртібін сақтаумен азық-түлік базарлары мен жәрмеңкелердің, азық-түлік емес базарлардың қызметі сағат 06.00-ден 18.00-ге дейін шектелген. Жәрмеңкелердің жұмысы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұйымдастырылып, оның ішінде дезинфекциялық өткелдерді және санитайзерлерді орнату міндетті.

«Кинотеатрлардың (ашық алаңда орналасқан кинотеатрларды қоспағанда), цирк, сауда-ойын сауық кешендері мен орталықтардың, сауда үйлерінің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың жұмысына тыйым салынсын. Ашық алаңдағы кинотеатрлардың жұмысы бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілсін», — делінген қаулыда.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu танысуға болады.

 

Пікір жазу