Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының ұйымдастыруымен «Ońtústik» телеарнасының тікелей эфирінде сала өкілдері өзекті сұрақтарға жауап берді. Арна эфирінде «Біздің назарда» атты бағдарламасында ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасының орынбасары, полиция полковнигі – Сабыржан Сейтжанов және Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық Бюро директорының орынбасары Денис Дживага, «Сана Сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Шахноза Хасанова және Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Жеңіс Исаұлы Әуелбеков арнайы қонақта болды.

Тікелей эфирде тұрғындар өз сауалдарын жолдап, сала өкілдерінен нақты жауаптар алды.
Мәселен тікелей эфирде сауал жолдаған қала тұрғыны анасының «қызыл» төлқұжатпен жүргенін айтып, оны қалай ауыстыру туралы сұрақ қойды.

«Қазір құжат ауыстыру бұрынғыға қарағанда оңай. Қызыл төлқұжатты ауыстыру үшін көші-қон қызметіне жүгіну қажет. Онда барған соң, түсініктеме жазып, өтінім беру керек. Содан кейін 15 жұмыс күнінен соң Қазақстан Республикасының құжаты дайын болады» деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасының орынбасары, полиция полковнигі – Сабыржан Жарылқағанұлы.

Бағдарлама барысында Кеңес кезеңінен бері құжаттандырылмаған немесе ешқандай құжаты жоқ азаматтарға қатысты маңызды мәліметтер айтылады. Карантинге байланысты өз мемлекетіне жете алмай жүрген азаматтарға қатысты кеңес беріледі.

@DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу