Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » АШЫҚТЫҚ ПЕН АЙҚЫНДЫЛЫҚ

АШЫҚТЫҚ ПЕН АЙҚЫНДЫЛЫҚ

Бүгін НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың үйлестірушісі ретінде конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша анықталған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппараттық мәжілісінде сөз сөйледі.

Спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институтын тиімді іске асыру негізі ретінде сарапшыларды қоғамдастықтың ауқымды тобына конкурстық іріктеу кезеңдері туралы айтып берді.

Оның айтуынша, іріктеу процесінің транспаренттілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы конкурстық комиссия құрылып, оның құрамына университет қызметкерлері, Қоғамдық кеңес, Агенттік жанындағы Арнайы мониторингтік топ, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ, «Солтүстік Қазақстандық құқықтық медиа-орталық» ҚҚ, Агенттік өкілдері кірді.

Ағымдағы жылғы 8-15 қазан аралығында әлеуетті сарапшылардан 211 өтінім келіп түскендігін, олардың қойылатын талаптарға сәйкестігі бойынша қаралатындығын атап өту керек.

«Берілген құжаттардың белгіленген критерийлерге сәйкестігін анықтағаннан кейін, үміткерлерді аудио және бейне тіркеумен онлайн режимде автоматтандырылған жүйе пайдалына отырып тестілеу өтеді», — деді Ғ. Мұтанов.

Бүгінгі күні тестілеу сұрақтары бекітілді, ал жүйе үміткерлердің ықтимал бұзушылықтарын тіркеуге мүмкіндік бере отырып, сынап байқаудан сәтті өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры барынша ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында, әңгімелесу кезеңі Агенттік пен университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында онлайн-форматта көрсетілетіндігіне сендірді. Осылайша, сыртқы бақылаушылар аталған процестің объективтілігін қадағалай алады.

Нәтижесінде, конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен үміткерлер сарапшылар тізіліміне енгізіліп, ағымдағы жылдың  1 қарашасынан басталатын сараптама жүргізуге жіберіледі.

Өз кезегінде, кеңес барысында Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қалпына келтіру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық талаптарға, атап айтқанда ЭЫДҰ-ның Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының ұсыныстарына толығымен сәйкес келетінін атап өтті.

Мәжілісті қорытындылай келе, Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев оның тиімділігінің кепілі ретінде бұл жұмысқа азаматтық қоғамды кеңінен тарту қажеттігін атап өтті.

НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың уақтылы құралы және азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимыл мен барынша азайтуға неғұрлым ауқымды тартудың катализаторы болып табылады.

 

 

 

Пікір жазу