Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІСШАРА ӨТКІЗІЛУДЕ

ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІСШАРА ӨТКІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасы ІІМ-мен бекітілген «Жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар өткізудің 2020 жылғы 4-тоқсанына арналған кесте» талаптарына сай, жолаушылар көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын-алуға байланысты, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, арнайы тіркеусіз қызмет көрсететін ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастарда жүретін қоғамдық көліктерге бақылауды күшейту мақсатында Шымкент ҚПД-нің 20.10.2020 жылғы №458 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 21-23 қазан аралығында Шымкент қаласы аумағында «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара өткізу кезеңінде Шымкент қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент қаласы Әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шымкент қаласы Көлік прокуратурасы қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылып, Патрульдік полиция полкінің автоэкипаждарымен жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктер тексерілуде.

Іс-шараның 1 күнінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған жалпы 85 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда,
ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы (шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) – 14;
ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзу) – 9;
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 2;
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (рейс алдындағы медициналық және техникалық байқаудан өтпеу) – 6;
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 2;
ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 13;
ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) – 8;
ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі (ҚР-ның міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) – 1;
Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу(айыптұраққа қою) — 1;
Автобус парктерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылғандары – 1.
Айта кетейік, қазіргі таңда карантиндік шектеулерге байланысты қала аумағындағы Самал, Бекжан, Алаш және Саяхат автовокзалдары уақытша өз жұмысын тоқтатқан.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Пікір жазу