Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАС СУРЕТШІЛЕР КӨЗҚАРАСЫМЕН

ЖАС СУРЕТШІЛЕР КӨЗҚАРАСЫМЕН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» ҚҚ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдаумен Шымкент қаласы бойынша «Адал еңбектің жарқын бейнесі» жас суретшілер байқауын өткізуде. Байқауға Шымкент қаласының әрбір 7-9 сынып оқушылары қатыса алады.

Өтінімдер 2020 жылдың 6-26 қараша аралығында қабылданады.

Байқауға қағаз (картон) бетінде орындалған А3, А4 форматындағы жұмыстар қабылданады. Суреттерді кез-келген техникада орындауға болады (тушь, май, гуашь, акварель, пастель, түрлі түсті қарындаш, фломастер, бор, аралас техника және т.б.).

Негізгі идеяның ерекшелігі және оның жұмыс нәтижесінде ашылуы назарға алынады.

Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер Шымкент қаласының Антикор орталығына (Қазыбек би 3)  2020 жылдың 26 қарашасына дейін жолдануы тиісті.

Қорытындылау кезеңінде қазылар алқасы үздік деп таныған жеңімпаздар анықталып, мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы ағымдағы жылдың 30 қарашасында жарияланатын болады.

Сурет байқауы — көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтап, жас таланттарға Қазақстан бойынша танылуға мүмкіндік береді.  Үздік байқау жұмыстары Агенттіктің аумақтық департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады.

Қосымша ақпарат: «Жастардың әлеуметтік  және тұрақты даму қоры» ҚҚ – Қаражан Заңғар 8 707 529 62 04

 

Пікір жазу