Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » КЕНТАУДАҒЫ ҚОЛДАУ

КЕНТАУДАҒЫ ҚОЛДАУ

Кентау қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қазақ тілін біртіндеп латын қарпіне көшіру туралы ұсынысына және жаңа графикадағы бірыңғай қазақ әліпбиін қалыптастыруға байланысты жиын өтті. Қалалық мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар және ардагерлер қатысқан жиынды қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев ашты. Әкім Елбасының мақаласында айтыл­ған міндеттердің маңыз­ды­лығына тоқтала келіп, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатқа­нын атап өтті. Елбасының сындарлы саясаты, латын әліпбиіне көшу мәселесі жайында қаланың бірқатар зиялы қауым өкілдері өз ойларын ортаға салып, бұл бағыттағы жұмыстарды бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

«Парламент қабырғасында ұсынылған жаңа латын әліпбиінің нұсқасы әлі қоғамда сан мәрте талқыланады. Нақты нұсқа әзірге бекітілген жоқ. Дегенмен, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екенін ескерсек, ел болып баршамызға ортақ іске атсалысу – ортақ парызымыз», – деп жиынды қорытындылады Әбдібақыт Мақұлбаев.

Өз тілшімізден

Пікір жазу