Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » МҰҢАЙТПАСҰЛЫ МАРАПАТТАРЫН САҚТАЙ АЛМАДЫ

МҰҢАЙТПАСҰЛЫ МАРАПАТТАРЫН САҚТАЙ АЛМАДЫ

Қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы – күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ.

Қажымұқан жиырма алты мемлекетте өнер көрсетіп, елуден астам медаль жеңіп алған. Ол наградаларының бәрін сақтай алмады. Мәселен, Рига қаласында жүргенде әкесінің қайтыс болғанын естіп, жолға ақша іздеген екен. Сөйтіп, медальдардың жартысына жуығын атақты палуан Вейланд — Шулцке тастап кетті.

Наградалардың ішінде сан алуан мемлекеттердің бірінші басшылары берген медальдар да көп болды. Мысалы, парсы чемпионы Машрутты жеңгені үшін Персия шахы Қажымұқанды «Алтын Арыстан мен Күн» орденімен марапаттады.

Бұдан бөлек, жапон палуаны Саракики Джиндофуді жеңгені үшін  Манчжурияның «Қайырымдылық» орденін алды. 1927 жылы Қазақстан орталық атқару комитеті Мұңайтпасұлы күрестен әлем чемпионы болғаны үшін оған «Қазақ халқының батыры» атағын берді. Ал 1945 жылы Қажымұқан Мұңайтпасұлы «Құрмет белгісімен» марапатталды.

sputnik.kz

Пікір жазу