Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласында «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын дамыту» тақырыбында 80-нен астам мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен кездесу өтті.

Шараға қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, ОҚМПУ доценті Сауле Тлеуова қатысып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық принциптері, дертпен қоғам болып күресу жайындағы мәселелерді қозғады.

Штаб мүшесі парасаттылық құндылықтарына тоқтала келе, әр істе адал, әділ болуға шақырды. Әділ болу – адам ақысын жемеу, дұрыс шешім қабылдау, шындыққа жүгіну секілді түсініктерді құрайтындығын айтып, ондай азаматтарға қоғамда да сенімнің мол болатындығын жеткізді.
Сондай-ақ, кездесуде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы талқыланып, қатысушылар жемқорлықтың алдын алуда белсенділік танытуға шақырылды.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы 1424 CaII-орталығы жұмыс жасайды. Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат осы номерге хабарласа алады. Мамандар хабарлама қабылдайды, кеңес береді және міндетті түрде тиісті шаралар қабылданады.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу