Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » 46 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

46 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында баспаналы болған отбасыларды құттықтап шаңырақтарына барды.
На изображении может находиться: один или несколько человек, люди стоят, шляпа и в помещении
Заң талаптары мен кезектілік сақтала отырып, 46 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 21 – әлеуметтік жағынан осал топтар, 6 – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 9 – көп балалы отбасы және 11 – мемлекеттік қызметкер санаттары. Жаңа баспанаға ие болған аудан тұрғындарының қатарында 7 баланың анасы, 2 рет егіз дүниеге әкелген А.Бектурганова да бар. Олар мемлекетке және де игі іске қолдау білдірген азаматтарға алғыстарын білдірді.
На изображении может находиться: 4 человека, ребенок и в помещении
Бүгінгі күнге Төлеби ауданы бойынша барлығы – 3 879 тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезекке тіркелген. Оның ішінде: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында – 293, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатында – 1770, көп балалы отбасылар санатында – 385, мемлекеттік, әскери және бюджеттік мекеме қызметкерлері санатында – 1431 азамат тіркелген.
На изображении может находиться: в помещении
Сондай-ақ, 2021 жылы 20 пәтерлік 9 дана көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 180 отбасы тұрғын үймен қамту жоспарлануда.
© Төлеби ауданының баспасөз қызметі

Пікір жазу