Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА СЫЙЛЫҚ АЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА СЫЙЛЫҚ АЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің қалалық департаментінің ұжымымен кездесті.

Күн тәртібіндегі басты мәселе аталған саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістерді түсіндіру, ұжымда парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен қабылданған маңызды заңнамалық шараларға тоқталған Талғар Серікбаев, әрбір өзгерістерге жеке тоқталды.

«Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Ерекшеліктер тек мұндай қылмыстарды әлеуметтік осал азаматтардың жекелеген санаттарының жасауы, ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған сотталғандарға қатысты болып табылады» — деді Т.Серікбаев.

Сонымен қатар, ол құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жазаның кұшейтілгендігін, мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерден шоттар ашуға және иеленуге тыйым салу енгізілгенен хабардар етті.

Жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамаларды түсіндіру барысында Талғар Серікбаев жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жеке жауапкершілік нормаларын біле тұрып, алдын алу шараларын қолданбаған басшыларға қатысты жазаның қатаңдығын ескертті.

Өз кезегінде, ақпараттық-ағартушылық жетекшісі С.Мәжінбеков Штаб жұмысымен таныстыра келе, қай кезде болмасын парасатты болуға, мемлекетке адал қызмет етуге шақырды.

Жани Қамбар «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің нәтижелері туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар, жиын қатысушыларына мерекелер қарсаңында сыйлық алуға тыйым салынғандығы ескертіліп, жемқорлықпен күрестегі әрбір азаматтың рөлі айтылды.

Жиын соңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің қалалық департаменті мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өзара іс-қимыл туралы екіжақты келісімге қол қойды.

 

Пікір жазу