Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА»

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА»

Пандемия басталғалы Түркістан облысында 4 мыңға жуық адам короновирустан жазылды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Соңғы бір тәулік ішінде Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 23 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,55% төңірегінде. Жалпы алғанда пандемия басталғалы бері өңірде 4 148 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3900 емделуші айыққан, ал симптомсыз 2898 азамат ауырған.
Облыс аумағында ПТР-сынақ әдісімен жарты миллионға жуық зертханалық зерттеу жасалған. Бүгінгі күнге 256 адам инфекциялық және карантиндік жағдайда емдеуде. Түркістан облысы «жасыл аймақта».
Айта кетейік, облыс аумағында 610 инфекциялық және 340 карантиндік орын дайын. Вирустың өршуі орын алған жағдайда, олардың санын 6 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік бар.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Атап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

Күн сайын өңірімізде коронавирус індетін жұқтырған азаматтар жазылып, барлық қиыншылықтарды артқа тастап, ертерек отбасымен қауышуларына тілектеспіз.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу