Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ОРДАБАСЫ: ЖАҢА ҮШ БІЛІМ ОРДАСЫ САЛЫНАДЫ

ОРДАБАСЫ: ЖАҢА ҮШ БІЛІМ ОРДАСЫ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында С. Мұқанов атындағы 300 орындық жалпы орта мектептің және Қажымұқан атындағы 200 орындық жалпы орта мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар, жылдар бойы «Орда» мөлтекауданының өзекті мәселесіне айналған инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда «Орда» мөлтекауданынан түсетін 600 орындық мектеп құрылысының жобалау — сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай-ақ, Қарабастау ауылына фельдшерлік — акушерлік бекеті салынады.
Сондай-ақ, Бадам ауылында «Агро өнеркәсіп кешенін 2017-2020 жылдарға дамыту бағдарламасы» аясында өткен жылы қабылданған үш жақты келісімшартқа сәйкес, мұнда былтыр 10408 га. егістік жер игерілген. 2 гектар жылыжай іске қосылып, 85 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізілген. 10-15 басқа арналған 11 мал бордақылау алаңдары ашылды. Бұдан басқа 3 шағын жанұялық ферма өз жұмысын бастады.
Сонымен қатар, былтырғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында округтегі 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары (13 орташа жөндеу, 9 жарықтандыру, 1 аяқ жол) жүргізілген. С.Сейфуллин атындағы мектеп және «Диамур» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бадам аумағында жалпы ұзындығы 41 шақырымды құрайтын 4 канал бар. Оның 27 шақырымы механикалық тазалаудан өтті.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу