Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КЕНТАУДА ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

КЕНТАУДА ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

Кентау қаласындағы автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы ұзындығы 4,3 шақырым болатын екі көшеде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Қаладағы Алтынсарин және Абылайхан көшелері орташа жөндеуден өтті. Лотоктары мен бордюрлері қойылып, асфальт төселді. Әл-Фараби көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Республикалық бюджет қаржысына Кентау қаласындағы 9 көше орташа жөндеуден өтті. Атап айтқанда, шаһардағы Қонаев даңғылы, Қабанбай батыр, Түркістан, Қорқыт ата, Төлеби, Құралбаев көшелері жаңартылды. Сонымен қатар, 46 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселіп, бұл бағыттары жұмыстар жалғасуда.
Жол жөндеу жұмыстары қалаға қарасты ауылдарда да жүргізіліп жатыр. Ораңғай ауылдық округінде 11 көшеге, Шаға ауылдық округінде 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алты көше жарықтандырылып, аяқжолдар төселді. Хантағы, Ащысай ауылдары мен Шорнақ, Ескі Иқан, Жаңа Иқан және Жібек жолы ауыл округтерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу