Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ІРГЕЛІ ІС

ІРГЕЛІ ІС

Әліпбиді айырбастау – іргелі іс, тарихи шешім. Егер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла жұмыс жасайтын болсақ, бұл ісіміздің игілігін, бұл тарихи шешімнің жемісін халқымыз ғасырлар бойы көре беретін болады. Ең бастысы, келешек ұрпақтарымыз ұлтты әлемдік өркениеттің сара жолына салып берген елге, туған халқына алғысын айтатындай болуы қажет. Латын әліпбиіне көшу – әліпби мен жазбаның ауысуы ғана емес, бұл – саяси, идеологиялық және экономикалық диверсификация. Басқаша айтқанда, қоғамдық сананың жаңғыруының фундаменті. Сондықтан бәріміз бір кісідей осы ұлы іске, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып, бойымыздағы бар күш-жігерімізді сарп етіп, ынтымақтасып кірісуіміз қажет. Тек сонда ғана алға қойған мақсат-мүдделеріміз тез әрі жеңіл іске аспақ.

Ендеше тілімізді түлетіп, елдігімізді ерекшелейміз десек, ұлттық санамызды оятып, болар іске баршамыз асқан белсенділік танытуымыз керек.

Фатима Хикметова,
«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының
баспасөз хатшысы

Пікір жазу