Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖОЛДАН ТАЙДЫРАТЫН «КӨМЕКШІЛЕРМЕН» КҮРЕСУ ҚАЖЕТ 

ЖОЛДАН ТАЙДЫРАТЫН «КӨМЕКШІЛЕРМЕН» КҮРЕСУ ҚАЖЕТ 

Ел аумағында жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, мемлекеттік органдарға жүгінген азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа тап болғандарының үлесі 11,3%-ды құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2,1% төмендеген. Мәселені «бейресми жолмен» шешуде қызығушылық білдіргендер — 43,9%, делдалдарға жүгіну — 24,4%-ды құраған. Мұны Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры жүргізген сауалдаманың нәтижесі анықтап берді. Бұл зерттеу жұмысы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған.
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында мәлім болды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен облыстық басқармалардың басшылары және бейнеконференция арқылы өңірге қарасты қала, аудандардың әкімдері қатысты. Комиссия отырысында «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижелері жарияланып, «Ашық диалог» порталына келіп түскен шағымдар бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша ұсынымдар ортаға салынды.
Алқалы жиында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына бекітілген өзгерістердің маңыздылығын алға тартып, мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мекемелерге барынша халыққа қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге басымдық беру қажеттігін жеткізді.
«Жобалық кеңсе жұмыс істеп жатыр, «Ашық әкімдік» бар, мұның бәрі превенция, яғни, алдын алу жағынан өте дұрыс бастамалар. Сондықтан барлық аудандарда ашық әкімшілік ашуымыз керек. Арада жүрген делдардар бар, осы секілді жолдан тайдыратын «көмекшілермен» күресу қажет. Жемқорлықпен күресте осы «бейресми жолды» жою керек», — деді облыс әкімі.

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу