Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҮЗДІК КАРАТЭШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК КАРАТЭШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектеп — интернат — колледжінде бұл күндері карате спортынан кезекті Түркістан облысының чемпионатына іріктеуге арналған жарыс басталды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Жас ерекшеліктері бойынша 12 және 13 жас пен 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер татами төрінде жекпе — жек өткізуде. Сонымен бірге, 16-17 жастағы спортшылар да өзара күш сынасуда.
Шара кезінде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Тартысты сайысқа келген төрт команда бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп — интернат — колледжінің шәкірттері иеленді.
Ал, күміс жүлдегер атанған Түркістан облысының №1 олимпиадалық спорт мектебінің командасы еншіледі. Қола жүлдені Сайрам ауданынан келген Қарасу спорт клубының жастары олжалады. Іріктеуден өткен жеткіншектер облыс чемпионатында бақтарын сынайды. Ендеше, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген жас өрендерге алдағы спорт сайыстарында тек сәттілік тілейміз.

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу