Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТУДА

ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТУДА

Түркістан облысы Сайрам ауданында 2020 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 158,6 млрд теңгеге жеткен. Тиісінше 2019 жылғымен салыстырғанда өсім 5,8%-ды құрап отыр. Өңірлік өнімінің — 57%-ы ауылшаруашылық саласына тиесілі. Ауданда өнеркәсіп өнімі 8,4%-ға артса, ауылшаруашылық өнімі 6,2%-ға өскен.
Сонымен қатар, өткен жылы ауданда өнеркәсіп саласында 30 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, облыс көлемінде үлес бойынша 4 орынды иемденген. Сондай-ақ, аймаққа 2,3 млрд теңге инвестиция тартылып, жалпы 131 жұмыс орны ашылған. Тартылған инвестицияның 60%-ы жеке қаражаттың үлесінде.
Ауыл шаруашылығында былтыр 89 млрд теңге өнім өндіріліп, облыста үлес бойынша 2 орынды иеленді. Атап айтқанда, мал шаруашылығында — 51,8 млрд теңге, өсімдік шаруашылығында — 36,9 млрд теңге өнім өндірілген. Жаңадан 154 гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 500 гектарға жетіп отыр. Жылыжайлар 10 га жерге салынып, жалпы көлемі 48 га құрады, қарқынды бау көлемі — 467 га жеткен. Сондай ақ, облыстағы ең ірі мал бордақылау кешені болып саналатын «Нұрым групп» ЖШС-і жаңа технологияларды ендіре отырып, қосымша 5 мың бас бұқашық алып, бордақылау кешеннің сыйымдылығын 15 мың басқа жеткізген.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу