Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ БОЙ КӨТЕРМЕК

ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ БОЙ КӨТЕРМЕК

Биылғы басталған жыл түлкібастықтар үшін қуанышты әрі берекелді болмақ. Олай дейтініміз, аудан тұрғындарының қуаныштарына орай, Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында биыл екі жаңа мектеп бой көтереді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Түлкібас ауданының орталығында салынатан білім ұясы 300 (үш жүз) орынға лайықталған. Сондай-ақ, Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылынан 150 (жүз елу) орындық жаңа мектептің құрылысы бастау алмақ.
Білім саласындағы бұл мәселелер жергілікті тұрғындар тарапынан көп жылдан бері көтеріліп келген. Оңтайлы шешімі табылған білім саласындағы ауданның тың жаңалығы облыс әкімінің қолдауымен іске асып отыр. Қазіргі таңда мектептердің орналасу аумағы белгіленген.
Аудан оралығындағы мектеп құрылысы — Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің маңындағы ардагерлер аллеясының орнында, ал Еңбекші ауылындағы оқу ордасы — Тұрсынбеков мектебінің жанынан бой көтермек. Бүгінгі таңда қос жобаға облыстық бюджеттен бастапқы қаржысы бөлінген.

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу