Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ АЗАЙҒАН

АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ АЗАЙҒАН

Түркістан облысында өткен жылы 61 186 сәби туылған. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға көп. Яғни 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 29,72-ні құрады. Былтыр өңірде 13 463 отбасы неке құрса, оның ішінде 9 316 неке — ауылдық жерлерде, 4 147 неке — қалаларда тіркелген. Сонымен қатар, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы облыстағы ажырасу көрсеткіші 67,1 пайызға азайды. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдәбеков мәлім етті.
Оның айтуынша, былтыр облыста 31 815 ұл (52%), 29 371 қыз (48%) дүние келген. Өңірде ұл балалардың көп туылу тенденциясы сақталуда.
«2021 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша халық саны 2 млн 44 551 адамды құрады. Оның ішінде 20,4 пайызы — қалалық жерде, 79,6 пайызы – ауылды жерде тұрады. Демек, 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 28 514 адамға өскен. Өкінішке орай, пандемия салдарынан облыста өткен жылы қайтыс болғандар саны 13 007 адамға жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 24,9 пайызға көп»,- деді департамент басшысы.
Бұдан бөлек, өткен жылы облысқа 33 738 адам келіп тіркелген. Ал 53 403 азамат басқа өңірге қоныс аударған.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу