Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ОҢТАЙЛЫ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ОҢТАЙЛЫ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Е-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы салық төлеушілер үшін тиімді. Мобильдік қосымша кез келген азамат үшін қолжетімді. Мәселен, енді қазақстандықтар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны үйден шықпай-ақ тапсыра алатынын Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Әлібек Лесов мәлімдеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникциялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
«Мобильдік қосымшаны салық төлеушілер дұрыс қолдана білсе, онда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің жұмысы жеңілдейді. «E-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы тұрғындарға — салық әмияны, жалпыға бірдей декларациялау, салық салу объектілері, қызметкердің еңбек ақысы, электронды сервистер, калькулятор, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызмет түрлері ұсынылған»,- деді Әлібек Шәмшінұлы.
«E-salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен жүктеуге болады. Бүгінде аталған мобильді қосымшаның тиімділігі мен танымалдылығын арттыру мақсатында сала мамандары тиісті жұмыстар атқаруда.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу