Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН!

ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН!

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы ауған соғысы ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.
Санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілген жиында сөз сөйлеген қала әкімі М.Қадырбек интернационалдық борыштарын абыроймен атқарған Ауғанстан соғысы ардагерлерлерінің бүгінгі бейбіт өмірде ұрпақ тәрбиесінде, жастардың бойында патриотизмді қалыптастыруда алар орындары ерекше екенін атап өтті. Көзсіз ерліктер жасап қана қоймай, бейбіт өмірдің қайнаған қазанында, әртүрлі салаларда қызметтер атқарып жүрген ардагерлерге алғыс хаттар табыстады.
Шарада «Отан» Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымының төрағасы Е.Көшкінбаев ардагерлер атынан сөз алып, өздеріне көрсетіліп отырған құрметке зор алғыстарын білдіріп, қала әкімдігінің жұмыстарына табыс тіледі.
Қабылдаудан кейін, қала әкімі М.Қадырбек, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Исламбеков, Ауған соғысының ардагерлері, мекеме, бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері Ауған соғысының ардагерлеріне арналған монументке гүл шоқтарын қойып, қаланың бас имамы Қажымұхан Қазыбаев қаза тапқан боздақтарға құран бағыштады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу