Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АЙМАҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

АЙМАҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы айтты.  Өз есебінде Өмірзақ Шөкеев аймақ дамуының негізгі бағыттарына тоқталды.
«Жалпы, өткен жылы облыста халықтың өмір сапасын жақсарту, өңірдің әлеуметтік-экономикасын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жасалды, алдымызға іске асыруға тағы да көлемді міндеттер қойып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей облысымыз туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Сондықтан әлеуметтік сала басты назарда. Биыл 52,4 мың отбасына немесе 290 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек үшін 26,1 млрд. теңге бағытталады. 18 жасқа дейінгі балаларға жалпы сомасы 13,7 млрд. теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет қаражаты бөлінеді. Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын 85 %-ға жеткізу көзделген»,-деді облыс әкімі өз сөзінде.
Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залында өтіп жатқан облыс әкімінің есептік кездесуі Түркістан облысы әкімдігінің YouTube каналы мен ресми сайтында және Facebook-парақшасында онлайн-режимде көрсетілуде. Бұдан өзге, барлық аудан, қалалардың тұрғындарына облыс әкіміне тікелей ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сауалдарын қою мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Интерактивті онлайн-режимде қосылған халықтың өтінім-ұсыныстарына заң аясында жауап берілетін болады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу