Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 141 МЫҢҒА ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 141 МЫҢҒА ЖЕТТІ

Өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жыл көшінде атқарылған жұмыстар мен қол жеткен жетістіктерді баяндады. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өнеркәсіп өнімнің көлемі өткен жылы 535,2 млрд.теңге болды. Облыста 258 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (үлесі 48,2%), 2019 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 3,5%-ға артты. Биыл бұл көрсеткіштерді айтарлықтай арттыру көзделген.
Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 141 мыңға жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 14 мыңға өсті. Осы салада 218 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл секторда 555 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен кезеңмен салыстырғанда 15,6%-ға ұлғайды. Басты көрсеткіш шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 21%-ды құрап (2020 ж. 9 ай) Стратегиялық картада міндеттелген индикатор көрсеткіші толығымен орындалды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 29 млрд. теңгені құрайтын 287 жоба қаржы институттарымен қаржыландырылды. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.
«Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда өңірлер арасында көш бастап тұрмыз. Кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының бюджеті 23%-ға ұлғайып, 2,9 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде 400-ге жуық кәсіпорына қолдау көрсетіліп, қаржыландырылды. Бизнес-ахуалды жақсарту мен қолдау мақсатында облысымызда «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылып, жұмыс жасауда. Кәсіпкерлерге 33 мыңнан астам қызмет түрлерін көрсетіп, 1 мыңнан астам бизнес жоспарлардың 78%-ы қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелденді. Нәтижесінде, облысымыз 2020 жылдың қорытындысымен «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингі бойынша Республикада 1 орынды иеленіп, бизнесті жүргізу бойынша үздік өңір болып атанды»,-деді Өмірзақ Шөкеев.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу