Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ БАСЫМ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ БАСЫМ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

«Облыс аумағындағы құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 65,8%-ға артып, 300 млрд. теңгені құрады. Елімізде өзекті болып отырған баспана беру мәселесіне басым назар аударылуда. Осыған орай, жылдың қорытындысымен нақты 735,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, тапсырма 18,6%-ға артығымен орындалды»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдында берген жылдық есебінде.
Халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарды айтып, алдағы ортақ мақсат – міндеттермен бөлісті. Бұл жылы құрылыс көлемін 335 млрд. теңгеге жеткізіп, тұрғын үй құрылысын 7568 мың шаршы метрге жеткізіледі.
«Түркістан халықаралық әуежайынан республикаішілік және шет елдерге әуе рейстері бағыттары ашылады. Облыс бойынша 200 қоғамдық көлікті жаңарту және Түркістан қаласына 50 жаңа автобус сатып алу жүзеге асады. «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында облысқа жалпы 13,5 млрд. теңге бөлініп, 336 жоба іске асырылды. Облыста 11 мектеп, 2 балабақша, 3 денсаулық сақтау, 1 спорт, 2 мәдениет, 9 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша нысандары және 474 шақырым жол жөндеуден өтті. Биыл 116 жобаны іске асыру жоспарланды»,-деді облыс әкімі өз сөзінде.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу