Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ӨҢІРДІҢ ДАМУЫН ЖЕДЕЛДЕТЕДІ

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫН ЖЕДЕЛДЕТЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Оңтүстік» индустриалды аймақта болып, ондағы бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Облыс әкімі бірінші болып индустриялды аймақтағы шыны ыдыстар шығару ісімен танымал «Еврокристалл» зауытының өнімімен танысты. Ондағы өндірілетін өнімдерді газдалған сусындар мен шырындар, алкогольдік және сүт пен дәрі-дәрмектер шығаратын зауыттар қолданады. Мұнда түрлі қалыпта – 200 мл-ден 3 литрге дейінгі түссіз және жасыл түсті бөтелкелер мен құтылар әзірленеді. Осынау өнімдерге Қазақстанның барлық аймағы мен Қырғызстаннан тапсырыстар келіп түсуде. Жылына 60 млн дана шыны шығаруға қауқарлы өндіріс орнында 150 адам жұмыспен қамтылған.

Зауыт жұмысымен таныстырған кәсіпорын иесі аймақ басшысына жұмыс істеу аясын кеңейтіп, көмірқышқыл газын өндіруді қолға алып жатқанын жеткізді. Ол үшін кәсіпкер арнайы итальяндық құрылғыларды да сатып алуды жоспарлап қойыпты.

Мұнан бөлек, Ж.Түймебаев шифер шығаратын кәсіпорын – «Tectum Enjineering» ЖШС-гін аралап көрді.

Шифер өндіретін алғашқы кәсіпорын «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Жоба құны 1,9 млрд. теңгені құрайды. Зауыт «Хатчек» әдісімен өнім шығарады. Мұнда 200 адам жұмыспен қамтылып, шығарылған өнімнің 60 пайызы ішкі нарыққа, ал қалған 40 пайызы Тәжікстан, Ауғанстан мен Өзбекстан елдеріне жөнелтілуде. Зауыт жылына 2,3 млн. дана шифер өндіру мүмкіндігіне ие.

 

Өз тілшімізден

Пікір жазу