Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТУРИСТІК ОБЪЕКТІЛЕРМЕН ТАНЫСУДА

ТУРИСТІК ОБЪЕКТІЛЕРМЕН ТАНЫСУДА

Осы жылдың 11-23 ақпан аралығында Түркістан облысының туризм басқармасы «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығымен Түркістан қаласында әлеуетті гид-экскурсоводтарға жиын ұйымдастырып өткізілуде.
Оқудың мақсаты облыстың туристік объектілерімен танысудың кәсібилік сапасын арттыру және біздің өңірге келетін қонақтар және туристермен жұмыс істейтін гид-экскурсоводтардың біліктілігін арттыру мен дайындау болып табылады.
Аймақтың тарихын, тіл тарихын, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін білетін кәсіби гид-экскурсовод бұл облысқа келуші қонақтарға алғашқы әсер қалдыратын тұлғалардың бірі.
Өз кезегінде, семинарға қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген 50 жоғары курс студенттерін оқыту және оларды болашақта кәсіби гид-экскурсовод ретінде жылжыту, гидтерді республикалық бірыңғай тізімге тіркеу жоспарлануда.
Тәлім алып жатқан қатысушы гид-экскурсоводтар білімін жетілдіру үшін туризм саласына еңбек сіңірген, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожа Мұқтар Бақадырұлы және жаттықтырушы гид-экскурсовод, доцент Рахимбекова Майра Жұмағалиқызынан дәріс алуда.
Семинар-тренингтің нәтижесінде өңірдің туристік нысандары туралы ақпаратты сапалы ұсыну, білікті кадрларды ұлғайту, туристік индустрия саласында адами ресурстарды дамыту, маршруттарды дұрыс жоспарлау, гид-экскурсовод қызметінің сапасын арттыру болып табылады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу