Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Арыс қаласына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Иманқұлов Нұрбақыт, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Қанат Шонбасов, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ибадуллаев Мәди, сондай-ақ қаржы мекемелерінің басшылары арнайы іссапармен келді.
Алдымен Мейіржан Иябайұлы жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлерге шағын бизнесті қолдау мақсатында кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасын таныстырды. Бұдан бөлек, шағын жеке кәсіпкерлік субьектілеріне арналған 5 млн.теңгеге дейінгі 6 пайыздық 24 айға несиелер берілетіндігін хабарлады. Ол үшін жеке куәлік пен кәсіпкерлік құжаттың болуы жеткілікті. Түркістан облысы бойынша несиелер Халық Банкі, Банк ЦентрКредит, Сбербанк арқылы ұсынылуда.
Бұдан соң қаладағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады. Алдымен қала әкімі М.Қадырбек жалпы құны 600,0 млн.теңгені құрайтын құрылысқа қажетті пластикалық панельдер шығаратын «MEGA-AGAT» ЖШС-ның жұмысымен таныстырды. 30 адамды жұмыспен қамтып отқан цех, тәулігіне 2500 шаршы метр өнім шығарады.
Әрі қарай, құрметті қонақтар құрылыс қолғаптарын өндіретін, жалпы құны 8,0 млн.теңгені құрайтын «OLZHABEST» цехының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда цехта 3 адам тұрақты түрде жұмыс жасауда. Цех тәулігіне 1000 дана құрылыс қолғаптарын тігіп, Арыс қаласынан бөлек Алматы, Атырау, Шымкент қалаларына жөнелтеді.
Бұдан соң, М.Мырзалиев «KAZ PLEMZAVOD» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Аталған серіктестік «Аграрлық несие корпарациясынан» 1 млрд 332 млн. теңге несие алып, қосымша өз қаражаты есебінен 300,0 млн теңге қаражатқа етті, асыл тұқымды ірі қара малды өсіру, көбейту бағытында Ресей Федерациясының, Бурятия Республикасынан асыл тұқымды «қалмақ тұқымдас» 2050 ірі қара мал басын әкелген. Серіктестікте қазіргі таңда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта жеке мал сою бекетін ашып, жылына 500-600 бас бордақылап, экспорттау жоспарда бар.
Қаладағы кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берген М.Мырзалиев кәсіп ашам деушілерге мемлекет тарапынан қолдау көптігін тағы да тілге тиек етті.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу