Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МӘЖІЛІС ӨТТІ

АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Түркістан облысы Арыс қаласының әкімдігінің мәжіліс залында карантин талаптарын сақтай отырып, адам саудасының алдын алуға және еңбекпен қанау құрбандарын анықтауға бағытталған пилоттық жобаны іске асыруға арналған мәжіліс өтті, деп жазады ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Жиылға Түркістан облысының Полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Т.Бижанов, Түркістан облысының мемлекеттік инспекторы Ғ.Сапарқұлов, «Сана Сезім» қоғамдық қорының заңгерлері Б.Тулаев, және қалалық аппарат қызметкерлері, полиция қызметкерлері және мектеп мұғалімдері қатысты.
Жиында сөз сөйлеген мамандар адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы жағдаймен таныстырып, кеңестер берді.
Жиынды қорытындылаған қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев мұндай жиындар жергілікті билік органдарының адам саудасы мәселесі жөнінде хабарын арттырып, адам саудасымен күресте қолға алынатын іс-шаралардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін бұл іске жұмылдырылған барлық тараптар арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтеді деді.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу